Білім және ғылым министрлігінің пайымдауынша,биыл ҰБТ-ны ұйымдастыру сапасын қоғам дұрыс қабылдады

АСТАНА.  15 маусым. ҚазАқпарат -  Білім және ғылым министрлігінің пайымдауынша,биыл ҰБТ-ны ұйымдастыру сапасын қоғам дұрыс қабылдады.

Білім және ғылым министрлігінің пайымдауынша,биыл ҰБТ-ны ұйымдастыру сапасын қоғам дұрыс қабылдады

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлім етті.

«Жалпы ағымдағы жылы ҰБТ-ны ұйымдастыру сапасын және қорытындыларын қоғам дұрыс қабылдады деп ойлаймын. Министрлік сенім телефонына түскен қоңыраулар мен пікірлер бойынша қабылдау кезінде азаматтардың бағасы осыған дәлел болып отыр», - деді вице-министр.

«Оң пікірлер өте көп. Алматы қаласы, ШҚО, БҚО, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарынан және Шымкент қаласынан пікірлер келіп түсті. Жалпы әлеуметтің пікірі ҰБТ-ға жоғары сенім және мектеп бітірушілердің шынайы білімдерін көрсетуге мүмкіндігі бар екендігін дәлелдеп отыр», - деп түйіндеді вице-министр.