«Білім» және «Мәдениет» телеарналары бірігеді - М. Құл-Мұхаммед

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - "Білім" және "Мәдениет" телеарналарын біріктіру жөніндегі шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бүгінгі брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.
None
None

«Иә, бұл арналардың рейтингісі жоғары емес. Алайда, Ресейдің мәдениет арнасында да тура сондай жағдай қалыптасып отыр. Себебі осы санаттағы арналардың өзіндік аудиториясы болады. Бірақ, бізге танымдық әрі ғылыми көркемдік арналар қажет. Сондықтан біз "Мәдениет" пен "Білімді" біріктіріп жатырмыз. Айта кетер жайт, үздік әрі көрермендердің сүйікті бағдарламаларына арналған жобалар қалады», - дейді М. Құл-Мұхаммед.

Министр атап көрсеткендей, екі арна негізінде құрылатын жаңа арна келесі жылдың басында ашылады. Ол «Хабар» телеарнасының құрамында жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар