Білімді, бақуатты және жалғызілікті ер адамдар алкогольге үйір - ғалымдар пікірі
Британдықтарды он жыл бойы бақылай келіп, ғалымдар алкогольге білімді, бақуатты және жалғызілікті ер адамдар көбірек ұрынатыны туралы тоқтамға келді.
Лондонның Киля Университеті мен Университет колледжінің ғалымдары елдің 45 жастан асқан адамдарының алкогольге үйірлігі деңгейін зерттеген. Зерттеулер жасы ұлғайған сайын адамдар спиртті 20 пайыз аз ішетінін байқады, алайда жас ерекшелігі басты фактор емес. Бұл арада денсаулық, жынысы, білімі, отбасылық мәртебесі және кірістер деңгейі үлкен рөл атқарады. Адамдар бақуатты болған сайын ішімдікке көбірек ұрынады. Отбасылы адамдар бұдан 10 жыл бұрынғыдан 11 пайыз кем ішеді. Денсаулығы жақсы адамдар денсаулығы нашарларға қарағанда көбірек ішеді, ал жалғызілікті әйелдер ерлерінен айырылғаннан кейін 16 пайыз аз ішеді. Ең көп ішетіндер, білімді, бақуатты жалғызілікті ер адамдар болып шықты. Ғалымдардың пікірінше, олар тәуекелдіктің негізгі тобын құрайды.