18:17, 20 Сәуір 2011 | GMT +5
Білімге салынған инвестиция экономикалық өсімге жәрдем болады - М. Көпеев
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, адами капиталға, оның ішінде білім саласына тартылған инвестиция экономиканың өсіміне жәрдем болады.
Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында «Зияткер ұлт: білім, ғылым, инновация» атты тақырыпта өткен ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Сенат Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев осылай мәлім етті.
Сенатордың айтуынша, АҚШ компанияларында персоналдардың әрбірін оқытуға жұмсалған 35 мың доллар, кейіннен өзін-өзі ақтай отырып, 1 млн. доллар сомасында қайтарым береді. Бұл ретте АҚШ компаниялары жыл сайын өздерінің қызметкерлерін оқыту үшін 50 миллиард доларға дейін қаражат шығындайды. Ал бұлардан келетін келешектегі табыс 1 трлн. 450 млрд. долларға дейін жетеді. «Яғни, бұндағы білім саласындағы тиімділік 3000 пайызға дейін жуықтайды», - деді сенатор.