Билл Гейтс Forbes журналының миллиардерлер рейтингісінде көш бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes журналы басылымның рейтингісі бойынша Microsoft америкалық технологиялық корпорацияның негізін қалаушы Билл Гейтс 76 миллиард доллармен ең бай миллиардер мәртебесін қайта алғанын жариялады.

Билл Гейтс Forbes журналының миллиардерлер рейтингісінде көш бастады

Гейтс төрт жыл бұрын көшбасшылықтан айырылып қалған болатын. Өткен жылы Forbes мексикалық медиа-магнат Карлос Слимді ғаламшардағы ең бай миллиардер деп жариялады. Алайда 2014 жылғы рейтингте ол 72 миллиард доллармен екінші орынға түсіп қалды.

Үшінші орынды бір жыл бұрынғыдай Inditex (Zara желісі және т.б.) компаниясының негізгі иегері 64 миллиард доллармен испандық Амансио Ортеги еншіледі.