Билл Гейтс қоры Эбола індетімен күреске $50 млн. бөледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Билл және Мелинда Гейтстің қайырымдылық қоры Батыс Африкадағы Эбола індетімен күресу үшін $50 млн. бағыттайды.
«Соңғы 7-10 күнде кеселдің таралу көлемі мен жылдамдығы артуда», - деді қор даму бөлімінің президенті Крис Элиас.
Қор өкілдерінің сөзіне қарағанда, барлық қаражат БҰҰ-на, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына (ДДСҰ), аурулардың алдын алу және бақылау бойынша американдық орталыққа және вируспен күресіп жатқан өзге де халықаралық ұйымдарға жолданады.