Билл Гейтс Қытайдағы ірі әлеуметтік желіге тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс - қолданушылары миллиардқа жақындаған WeChat әлеуметтік желісіне тіркелді.

Билл Гейтс Қытайдағы ірі әлеуметтік желіге тіркелді

Билл Гейтс  сенбі күні өзінің блогында қытайлық желі қолданушыларымен сәлемдескен, деп жазады Mashable.

Microsoft негізін қалаушысы әлеуметтік желіге өзі кездескен адамдар жайлы, сондай-ақ оқыған кітаптары туралы қызықты деректер жариялайтынын айтқан.

WeChat-тың көмегімен мәтіндік және аудио хабарламалар, суреттер мен видеотаспалар жіберуге болады. Одан бөлек, адамдар аталмыш әлеуметтік желіні шоттарға төлем жасап, ақшалай қаражаттар жіберу үшін қолданады. Қазіргі таңда WeChat-қа 900 миллионға жуық адам тіркелген. Олардың көпшілігі бұл қосымшаны күн сайын қолданады, деп хабарлайды Tencent-тегі құрастырушылар.