Билл Гейтс роботтардың еңбектеріне салық енгізуді ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Microsoft негізін салушы Билл Гейтс өндірісте адамдарды алмастырған роботтардың еңбегіне салық енгізуді ұсынды.
«Қазір фабрикадағы жұмысшының табысынан $50 мың көлемінде салық ұстап, кіріс салығын, әлеуметтік салықты және басқа да төлемдерді алып қалудасыздар. Егер осы жұмыстарды робот жасаса, оның да еңбегіне осы деңгейдегі салық енгізу керек», - деген миллиардердің сөзін келітреді Quartz.
Еске сала кетсек, ақпан айында Еуропарламент роботтарға салық енгізу туралы ұсынысты қабылдамаған болатын.