Билл Гросс өзінің марка коллекциясының бір бөлігін $4,5 млн сатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі америкалық қаржыгер және инвестор Билл Гросс өзінің пошта маркалары коллекциясының бір бөлігін $4,5 млн сатты.
Қаражаттың бір бөлігін, екі миллион долларды Гросс PIMCO инвесткомпаниясы жанындағы қайырымдылық қорына аудармақ. Ол бұл мекемеден 1,5 жыл бұрын кеткен.
Коллекция бөлігін жеке инвестор сатып алғаны белгілі. Сатылымға 1843 жылғы "Двойная Женева" алты марка қойылды. Олар әлемдегі ең құндысы болып саналады. 1964 жылы бұл алты марка $121,8 мыңға сатылды.
Коллекция сатудан алынған қалған қаражат та АҚШ-тағы бірқатар қайырымдылық қорына аударылмақ, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.