Билл Клинтон жүрегіне операция жасатты
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Жүрегі сыр беріп, Нью-Йорк ауруханаларының біріне түскен АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон жүрегіне операция жасатты, деп хабарлады оның өкілі.
ВВС телекомпаниясының хабарлауынша, дәрігерлер 63 жастағы Клинтонның қолқаларының біріне екі стент - қолқада қанның қалыпты ағуына мүмкіндік беретін арнайы түтікшелер орнатты.
Экс-президенттің өкілінің хабарлауынша, Клинтонның операциядан кейінгі жағдайы жақсы.