Билл мен Хиллари Клинтонтондар алғаш рет ата-әже атанбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтон мен экс-мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон алғаш рет ата мен әже атанбақшы - олардың жалғыз қызы Челси аяғы ауыр екенін айтқан.
None
None

Нью-Йоркте Clinton Foundation ұйымдастырған іс-шарада Челси биылғы жылы жұбайы банкир Марк Мезвински екеуі алғаш рет әке мен ана атанатынын мәлімдеп, сонымен бірге өзінің анасы Хиллари сияқты болғысы келетінін де атап өтті.

Іс-шараға қатысқан Хиллари Клинтон, әже болатынын естігенде қатты толқығанын жеткізген. Бұл туралы РИА "Новости" хабарлады.|

Соңғы жаңалықтар
Референдум