Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан құрамасы жартылай финалдан тыс қалды
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының жартылай финалына шыға алмады.
Бес дүркін әлем чемпионы Испаниямен ширек финалдық матчта жекелей сындағы екі кездесуден кейін есеп тең еді – 1:1.
Анна Данилина – Жібек Құламбаева жұптық сында испаниялықтар Кристина Букша – Сара Соррибес Тормомен шешуші ұпайды сарапқа салды.
Бірінші партияда испаниялық дуэт 5:1 есебімен алға кетті. Қазақстандықтар есепті сәл қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді – 2:6.
Екінші сетте Жібек пен Анна 2:0 есебімен алға шыққанымен, испаниялықтар таразы басын теңестіріп үлгерді. Ақыры жеңіс Испания құрамасының еншісінде кетті – 7:5.
Екі сағат 5 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық жұп 1 эйс жасап, 22 брейк-пойнттың тек екеуін ғана пайдаланды. Испаниялық жұп 2 эйс, 5 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Ойын барысында Жібек Құламбаеваның барынша жақсы өнер көрсеткенін айту керек.
Осылайша, есепті 2:1-ге жеткізген Испания құрамасы жартылай финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан құрамасы Испания командасын жеңе ала ма, соны жазған едік.
Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан – Испания матчында Путинцева таразы басын теңестірді.