Билли Джо Сондерс: Головкинмен болатын айқас - саябақтағы серуен емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық боксшы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) Box Nation-ге берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) болатын ықтимал айқас туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Билли Джо Сондерс: Головкинмен болатын айқас - саябақтағы серуен емес

- Біз Фрэнкпен сөйлестік (Уоррен, Сондерстің промоутері). Біздің қолымызда таңдауға мүмкіндік беретін бірнеше нұсқа бар. Солардың ішінде өте маңызды айқас бар, бірақ ол әзірге тым алыста... Адамдар Головкинмен жекпе-жекті  жай дүние деп ойлайды. Сіздер түсінулеріңіз керек, Головкинмен болатын айқас - бұл саябақтағы серуен емес», - деді Сондерс.

Бұрын шетелдік БАҚ-та Сондерс-Головкин айқасы жаз мезгілінде Қазақстанда өтеді деген ақпарат шыққан еді.