Билли Джо Сондерстің жанкүйерлері Головкинге бейнеүндеу жолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирландиялық бокс жанкүйерлері қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) бейнеүндеу жолдады, деп жазады Sports.kz.

Билли Джо Сондерстің жанкүйерлері Головкинге бейнеүндеу жолдады

«Геннадий „GGG" Головкин, сені құрметтейміз. Біз Билли Джо Сондерстің жанкүйерлеріміз. Сен кез келгенімен жекпе-жекке шығуға дайынмын дейсің ғой, ендеше өз менеджерлеріңе айт, келісімге қол қойсын! Егер қалам таппай жүрсе, міне (қаламды көрсетеді)! Біз сенің мықты жігіт екеніңді білеміз. Сенің боксыңды сүйіп көреміз, Сондерстің де боксын жанымыз сүйеді. Олай болса, жанкүйерлердің қалағанын неге жасамайсыңдар? Егер сен бұл белдікті (WBO) алғың келсе, жеңіп ал!» - дейді жанкүйерлер видеоүндеуінде.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары бетінде Головкин мен Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) кездесуі маусым айында Астанада өтеді деген ақпарат тараған еді. Алайда Yahoo! Sports-тың мәліметінше, олардың кездесуі болмайды: GGG мексикалық Сауль Альвареспен (48-1-1, 34 КО) қыркүйекте кездесуге дайындалып жатыр.