Былтыр елімізде 42 мың киік атылған

АСТАНА. KAZINFORM – Қазір елімізде киік атуға тыйым салынған. 

сайгаки киіктер
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

«Еліміздегі киіктердің көбеюін реттеу Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Атуға рұқсат берудің екі себебі – олардың санының көбеюі және киіктерден ауыл шаруашылығына келген залал. 2023 жылы ел аумағында 42 мың бас киік атылды. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес киіктерді атуға тыйым салынды», - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып. 

Еске сала кетейік, елімізде киіктерді ату басталатыны былтыр белгілі болды. 

Сондай-ақ Ерлан Нысанбаев 2025 жылы киік саны 4,5 млн бастан асатынын айтқан еді. 

Одан бөлек Қазақстандағы киіктердің популяциясы төңірегінде тәуелсіз экологиялық шолушы, жабайы табиғат фотографы Сәкен Ділдахметпен әңгімелескен едік. 

 

Соңғы жаңалықтар