Былтыр соттарға авторлық құқық бойынша 300-ге жуық шағым түскен

АСТАНА. KAZINFORM – Әділет министрлігі 2023 жылы авторлық құқық бойынша қанша шағым түскенін атады.

сот
Фото: Pexels

«Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті ұсынған хатына сүйенсек, 2023 жылы сотқа авторлық және сабақтас құқықтар бойынша 299 шағым/іс түсіп, соның ішінде 118 іс қаралған», - деп жазылған министрліктің Kazinform сауалына жолдаған жауабында.

Ведомство жауабында осы мәселе бойынша түскен шағымдардың қаншасы қазақстандық, қаншасы шетелдік авторлардың тарапынан берілгені туралы мәлімет жоқ. Мұны министрлік мамандары соттардың есебінде шағым түсіруші мен жауап берушінің азаматтығы бойынша шектеу қарастырылмағанымен байланыстырады.

Соңғы жаңалықтар