Былтыр сумен қамту сапасына қатысты 43 мың шағым түскен

АСТАНА. KAZINFORM – Былтыр ел тұрғындарынан сумен қамтамасыз етудің сапасына қатысты 43 мыңнан астам шағым түскен. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында осындай мәлімет келтірді.

Ауыз су
Фото: Kazinform

«Азаматтардың арыз-шағымдарын талдау барысы сумен жабдықтау ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын көрсетіп отыр. 2023-ші жылдың басынан бері тек мемлекеттік органдардың өзіне тұрғындардан 43,5 мыңға жуық ресми өтініш келіп түскен. Көпшілігі әбден тозығы жеткен желілердің жиі істен шығатынына шағымданады», - деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы келешекте мұндай жағдайларға жол бермеу үшін тозу деңгейі 70%-дан асып кеткен желілерді ауыстыру жобаларын басым тәртіппен әзірлеу қажеттігін атап өтті.