17:35, 14 Сәуір 2025 | GMT +5
Былтыр Ұлттық қорға 3,8 трлн теңге түсіп, 5,6 трлн теңге алынған
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық банк Ұлттық қордың 2024 жылғы қаржылық есебіне жүргізілген аудиттің негізгі қорытындыларын жариялады.

— Ұлттық қордың 2024 жылғы қаржылық есептілігінде негізгі көрсеткіштер былай қалыптасты: таза активтер 34,7 трлн теңгеден асты, нысаналы талаптар бойынша міндеттемелер («Ұлттық қор — балаларға» жобасы бойынша) 349,1 млрд теңгені құрады. ҚР Қаржы министрлігінен түскен түсімдер 3,8 трлн теңге болды. Сонымен қатар республикалық бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферттер түрінде 5,6 трлн теңге қаражат алынды, — деп жазады Ұлттық банктің ресми сайты.
Бұған дейін Ұлттық қордан биылғы 3 айда 1,45 трлн теңге алынғанын жазған едік.