10:14, 21 Ақпан 2009 | GMT +5
Биньямин Нетаньяху Израильдің жаңа премьер-министрі болады
ТЕЛЬ-АВИВ. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат – Билік жүргізуші «Ликуд» партиясының жетекшісі Биньямин Нетаньяхуға жаңа израильдік үкіметті жасақтау тапсырылды.
Израиль президенті Шимон Перес осындай шешім қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айелет Фриш. ҚазАқпарат бұл туралы РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлап отыр.