20:05, 21 Сәуір 2022 | GMT +6
Binance ірі криптобиржасы ресейлік қолданушыларға шектеу қоймақ
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Binance ірі криптовалюта биржасы ресейліктер мен Ресейде тұрып жатқан қолданушыларға өз сервисіне шектеу қоймақшы. Олардың активі €10 мыңнан асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Криптоактивтерінің жалпы құны €10 мыңнан асатын Ресей азаматтарының немесе Ресейде тұратын адамдардың барлық қаржылық шоттары шектеулі болады. Пайдаланушылар ескерту келгенге дейін қаражатты шығару функциясын ғана пайдалана алады», - делінген хабарламада.
Шектеу енгізілетін аккаунт қолданушыларына қаражат енгізу және сауда мүмкіндіктері шектеулі болады, деп нақтылады Binance-тан.