Биологиялық қауіпсіздік туралы заңға қол қойылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға да қол қойды.

Заңдар мәтіні баспасөзде жарияланады.