21:04, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
Биологтар: Facebook есірткі сияқты әрекет етеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілер, соның ішінде - Facebook есірткі, кокаин сияқты өзіне тәуелді етеді. Бұл туралы 20 еріктінің қатысуымен тәжірибе өткізген норвегиялық ғалымдар айтты.

Росбалт хабарлағандай, қатысушыларға суреттерді қарап, ұнағанын түймешекті басу арқылы белгілеуді ұсынды. Әлеуметтік желілерді еске салған суреттер еріктілердің жүрек қағысын үдетті, қобалжу белгілері пайда болды.
Тәжірибеден кейін зерттеушілер Facebook-тің адамның миына әсер ету деңгейін зерттеді. Осылайша әлеуметтік желілердегі өз парақшасын қарау - көп адамның әдетіне айналды.
Әлеуметтік желіде болғанда және кокаинді пайдаланғанда адам миындағы бірдей нейрондық қабаттар белсенді болады екен.