Биологтар: Қолайсыз ауа райы адамның жұмыс қабілетін арттырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық зерттеушілер ауа райының адамның жұмыс қабілетіне әсер ететініне қатысты дәлелдер тапты. Адамда метеотәуелділік бар екенін бұрын болжаған. Компания басшылары адамдардың жұмыс істеу қабілеті ауа райына байланысты ерекшеленетінін айтты.

Биологтар: Қолайсыз ауа райы адамның жұмыс қабілетін арттырады

АҚШ-та бірқатар ғылыми қызметкер осы байланысты анықтамақ болды. Олар бірқатар жапондық қаржы компанияларында тәжірибе жүргізді.

Осылайша, ауа райы қолайсыз болғанда адамдар жұмыста азырақ қате жіберіп, әлдеқайда ауқымды шаруа тындыратынын байқады. Ал ауа райы жылы болып, күннің көзі жайнап тұрғанда адамдардың жұмысқа деген икемі азаятын көрінеді.

Ғалымдардың пайымынша, суық күндерден кейін күннің көзі шуағын жайғанда адамдар еңбек демалысын қалай және қайда өткізетіні жайлы ойлай бастайды. Сөйтіп бұл жұмыс үдерісіне әсер етеді, деп хабарлады Informing.