Бір адамды төртеудің жабылып ұрған сәті видеоға түсіп қалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы КСК шағын ауданында қаскүнемдер ер адамды жабылып ұрып, бізбен жаралаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір адамды төртеудің жабылып ұрған сәті видеоға түсіп қалды

Оқиға жәбірленушінің гаражында болған. Куәгерлердің айтуынша, 4 адам гаражға кірген көлік жүргізушісін соққыға жығып, бізбен жаралаған. Алайда, ол бұзақылардан қашып үлгерді. Мұны YouTube желісінде жарияланған бейнежазбадан көруге болады. 

Жәбірленуші күзет бекетіне келіп, көмек сұраған. Кейіннен оның жеке мүліктерінің ұрланғаны белгілі болды.

Ал облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің айтуынша, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.