Бір апта ішінде республика бойынша 1365 қылмыс ашылды

АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазанның 5-і мен 11-і аралығында ел аумағында 1792 қылмыс тіркелді, Бұл туралы бүгін журналистерге брифинг барысында ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтты,

Бір апта ішінде республика бойынша 1365 қылмыс ашылды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде 1365-і қылмыстың ізі суымай ашылған. Қылмысқа қатысы бар деген сезікпен 51 күдікті ұсталды, 106 атыс қаруы тәркіленді. Ал есірткі қылмысына қарсы күрес желісі бойынша 79 қылмыс тіркелген. Соның ішінде есірткі сату фактісі бойынша 44 оқиға анықталды.