Бір апта жанған Іле-Балқаш резерватындағы өрт сөндірілді
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Іле-Балқаш резерватының аумағында қамыс өрті 2 шілде күні, сағат 07.40-та сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында резерват басшылығының ақпаратына сүйеніп мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Еске салайық, қамыс 6200 га аумақта жанды. Оның нақты ауданын уәкілетті мемлекеттік органдардың комиссиясы анықтайтын болады.
Төтенше жағдайлар департаментінің 47 қызметкері мен 5 техникасының, 2 жүзу құралы мен 1 ұшқышсыз ұшы аппаратының, сондай-ақ «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты«РММ-нің 25 адамы мен 10 к техникасының күшімен 5-інші кварталда өртпен күрес қол шанц аспаптары мен мотопомпаларды пайдалана отырып жаяу жүргізілді.
Жердің батпақты болуы және кіру жолдарының болмауы жалынмен күресті қиындатты.
Бақанас орман шаруашылығы учаскелеріне өрттің таралуын болдырмау мақсатында орман шаруашылығының қосымша 8 адам мен 4к техникасының күшімен минералдандырылған жолақ жасалды. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.
«Ғарыш сапары«Ұлттық компаниясы» АҚ-ның ғарыштан мониторингілеу және ұшқышсыз ұшу аппаратының таңертеңгі шолуының нәтижесінде учаскелерде жану және бықсу анықталған жоқ», - делінген мәліметте.