14:30, 09 Қараша 2011 | GMT +5
Бір аптада ел аумағында 3 мыңнан астам қылмыс жасалды
АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Апта ішінде 3 642 қылмыс жасалды. Оның 2 073-інің ізі суымай ашылды.
Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Атап айтқанда, бұрын жасалған 583 қылмыс, оның ішінде өткен жылғы 10 қылмыс ашылды. Осы уақытта 85 қылмыскер табылып, 20 қару тәркіленді. Сонымен қатар 66 есірткі қылмысы, есірткі сатудың 33 фактісі анықталды. 316 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Бұның 2 келіге жуығы - героин.