Бір аптадағы іздестіру нәтижесінде үйінді астынан тірі қалған 105 жастағы непалдық қария табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалдағы жойқын жер сілкінісінен кейін құтқарушылар сегіз күн бойы өз үйінің үйінділерінің астында тірі қалған 105 жастағы қарияны тапты. Бұл туралы NDTV телеарнасы жергілікті полиция өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Lenta.ru.

Бір аптадағы іздестіру нәтижесінде үйінді астынан тірі қалған 105  жастағы непалдық қария табылды

Кимтанг деревнясында тұрған Фанчу Гэйл (Fanchu Ghale) аздаған жарақаттар алған. Ол армия тікұшағымен ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ жексенбі күні, 3 мамырда Сиаули деревнясында үйінді астынан үш адам құтқарылды. Непалдағы жер сілкінісі 25 сәуірде болды, одан кейін 100-ге тарта жерасты дүмпулері орын алды.

Тербелісі 3,2 соңғы дүмпу 3 мамырда мәскеу уақытымен 01:39-да тіркелді. Оның кіндігі Непал астанасы - Катмандудан солтүстік-батысқа қарай 50 шақырым жерде, 10 шақырымдық тереңдікте болды, деп хабарлады ТАСС.

Соңғы мәліңметтер бойынша, апат салдарынан 7 мыңнан астам адам құрбан болды, 14 мыңға жуығы жараланды. 2 мамырда ел өкімет орындары үйінді астынан тірі қалғандарды табудан үміт үзе бастағанын мәлдімдеген болатын. БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, аймақта азық-түлік, ауызсу, қажетті заттар жетіспеушілігі сезілуде.