Бір апталық жедел-сауықтыру шарасының барысында жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен 512 қылмыс әшкереленді

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 18-25 қазан аралығында жүргізілген «Қауіпсіз жол» жедел-сауықтыру шарасының барысында жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен 512 қылмыс ашылды. Оның ішінде 56 көлік ұрлау әрекеті бар.

Бір апталық жедел-сауықтыру шарасының барысында жол полициясы қызметкерлерінің қатысуымен 512 қылмыс әшкереленді

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков айтты.

Оның сөзіне қарағанда, ішкі істер органдарына 2 мың 832 қоғамдық тәртіп бұзушы жеткізіліп, 703 адам медициналық айықтырғыштарға жеткізлді. «Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары және

«Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен 691 рейд шаралары ұйымдастырылды. Жалпы қолға алынған шаралар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына игі ықпал етті», деді комитет төрағасы.