Бір атаның балалары футбол ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бір атаның балалары футбол ойнайды» додасы биыл 9-10 желтоқсан күндері Алматыда өтеді.

Бір атаның балалары футбол ойнайды

Отбасылық доп додасы биыл Алматыдағы ҚазМУ спортзалында өтеді, деп жазады sportsffa.kz осы турнирдің негізін қалаушы, спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлына сілтеме жасап.

Қазір қатысушылардан өтініш қабылданып жатыр. Доп додасына қатысу үшін өтінішті электронды пошта арқылы жіберуге болады (nessport@ mail.ru).

Ал дәрігер рұқсат берген мөрі бар өтініштің түпнұсқасын әр команда өзімен ала келуі керек екен. Жарна - 20 000 теңге.

Осыған орай 8 желтоқсан күні сағат 17:00-де биылғы дода өтетін спортзалда жеребе тартылып, ресми түрде тіркеу рәсімі өтеді. Оған әр команданың өкілі міндетті түрде қатысуы керек.