Бір аяғы жоқ америкалық жауынгер Эверестке шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Айдахо штатының отыз жастағы тумасы ауыр жарақат алған мүгедек жауынгер Эверест тауына көтерілді, деп хабарлайды CBS News агенттігі.

Бір аяғы жоқ америкалық жауынгер Эверестке шықты

Бұл туралы ақпаратты 19 мамырда әскери қызметтің ардагерлерін сауықтырумен айналысатын жоба қатысушылары жария етті. Теңіз жаяу әскерінің отставкадағы сержанты 8,8 мың метр биік шыңға шықты.

Линвилл мен оның командасы Тибеттегі тау басына шығуға дайындалу үшін сәуір айында аттанған. Олар 20 мамырда шың басынан төмен түсуді бастады.

Линвилл 2011 жылы Ауғанстанда бомба жарылысы кезінде тізеден төмен оң аяғынан айырылған. Ол протезбен әлемдегі ең биік шыңға көтерілді.

Олар үш мәрте осы тауға шығуға әрекет етті. Алайда жолдары болмады. Бір жолы таңдап алған бағытты қар көшкіні басып қалды, келесі жолы 2014 жылы жер сілкінісі болды.