Бір аяғы жоқ биші үлкен сахнада өнер көрсетуді армандайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Роя бір аяқсыз дүниеге келген, алайда мүгедектігі оған акробатика және хореографиямен айналысуға кедергі болған жоқ. Бүгінде бойжеткен брейк билеп, үлкен сахнада өнер көрсетуді армандайды.
RT-дағы In the Now бағдарламасының эфирінде Роя табысқа қалай жеткенін баяндап берді.
Роя телеарнада әуелі спорттық гимнастикамен, одан кейін цирк өнері және чирлидингпен айналысып, брейк-дансқа содан кейін ғана келгенін айтты.