Бір айда Қытайдың валюталық резервтерінің көлемі 700 млн доларға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай халық банкі таратқан соңғы мәліметтер бойынша, елдің валюталық резервтері қазан айында 700 млн АҚШ доллары көлемінде ұлғайып, қыркүйек айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 3 трлн 109,2 млрд долларды құрады, деп жазады Синьхуа.
None
None

Валюталық бақылауды мемлекеттік басқару қызметі резервтердің жалпы тұрақтылығына ықпал етіп отырған мәселелердің бірі ретінде траншекаралық қаржы ағымдарын теңдестіру мен қаржы субъектілерінің ішкі және сыртқы саудадағы әркеттері сияқты кешенді факторлар аталды. Сондай-ақ долларға жатпайтын валюталардың долларға қарағандағы бағамының төмендеуі, халықаралық қаржы нарығындағы активтер құнының артуы жағдайға ықпал етіп отырған жәйттердің бірі ретінде аталады.

Соңғы жаңалықтар