Бір айдан артық уақыт жұмысқа себепсiз келмеген азаматты заң бойынша жұмыстан шығарады - Б.Нұрымбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Мәжiлiсте жаңа редакциядағы Еңбек кодексiн таныстыра отырып, Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi Бiржан Нұрымбетов жұмысына салғырт қарайтын азаматтарға қатысты заң нормасын түсiндiрдi.
None
None

«Елiмiзде расымен қызметкер жұмысына айлап келмей қоятын жайттар кездескен. Ол адам ауырмай-сырқамай үйiнде жата бередi, тек жұмысына бармайды. Бұрынғы кодекс бойынша жұмыс берушi оны жұмыстан шығара алмайтын, себебi ол адамнан түсiнiктеме алуы керек. Қызметкер түсiнiктеме жазудан бас тартса, оны бас тарту актiсi ретiнде тiркеу керек. Сондықтан, бiз жаңа құжатта ол норманы алып тастадық»,-деп түсiнудiрдi вице-министр.

Б.Нұрымбетов түсiндiрiп өткендей, жаңа кодекстiң нормаларына сай, егер өндiрiс көлемi азайып, экономикалық шығын туындаса жұмыс берушi жұмысшыларды қысқарта алады.

«Жаңа кодекс бойынша зейнет жасы толған азаматтарды жұмыстан шығарып, қысқартуға болады»,-деп атап өттi Б.Нұрымбетов.

Вице-министр атап өткендей, зейнеткер зейнетке шыққаннан кейiн де жұмыс iстейтiн болса, ол жылына бiр рет жұмыс берушiмен еңбек келiсiмшартын жаңартып отыруы керек.

Соңғы жаңалықтар