Бір белдеу – бір жол: Президент қос елдің табысты ынтымақтастығын атап өтті

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
СИАНЬ. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапары барысында Си Цзиньпинмен жүргізілген келіссөз кезінде қос елдің «Бір белдеу – бір жол» аясындағы табысты ынтымақтастығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Экономикалық әлеуеттің жүзеге асырылуы көбінесе көлік-транзит саласына байланысты. Бұл жерде Сіздің ауқымы жағынан бірегей «Бір белдеу – бір жол» бастамаңыздың аясындағы табысты ынтымақтастығымызды ерекше атап өткім келеді. Осы жылдар аралығында «Бір белдеу – бір жол» жобасын бірлесіп жүзеге асыруда елеулі нәтижеге қол жеткізілді.

Ертең Сиань қаласының құрғақ портында логистика орталығы іргетасының онлайн режимде қалануы біздің көлік-логистика саласындағы байланыстарымыздың тағы бір белесі болмақ.

Көлік дәліздерін әртараптандыру аясында Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) әлеуетін белсенді түрде пайдалануды ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар