«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы насихатталады

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - 29 қыркүйек күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы оқырмандар назарына ұсынылады.
None
None

Пікірталас түрінде өтетін жиынғажазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегеріӘкім Тарази, филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай, белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы, филология ғылымдарының докторы, ЕҰУ-дің қазақ филологиясы факультетінің оқытушысы Тазагүл Әбдікәрімова, «Әлем әдебиеті» әдеби-көркем журналының редакторы, жазушы Кеңес Юсупов және басқа қаламгерлер шақырылған.

Сондай-ақ Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының актерлер бөлімінің студенттері, №37 мектеп-лицейінің оқушылары, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың шәкірттері және Астана қаласы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары қатысады деп күтілуде.

«Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесінен көрініс көрсетілмек.

Бұл шараны ҚР Мәдениет министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапхана ұйымдастырып отыр.

«Бір ел - бір кітап» акциясы барысында «Диалог» залында Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы бойынша «Бір ел - бір кітап» акциясына арналған кітап көрмесі орналасқан.

Бұл шараның мақсаты - Жүсіпбек Аймауытовтың бай мұрасын насихаттау, ұлттық әдебиетімізді ұлықтау, сол арқылы жас ұрпақ бойына патриоттық сезімді сіңіру.

Соңғы жаңалықтар