Бір эпизоды Шымкентте түсірілген «Top Gear» бағдарламасы наурызда көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық BBC телеарнасы  "Top Gear" бағдарламасының  түсіру тобы Шымкент қаласында болды. Мұнда олар танымал британдық телебағдарламаның бір эпизодын түсірді және ол наурыз айында көрсетілетін болды, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір эпизоды Шымкентте түсірілген «Top Gear» бағдарламасы наурызда көрсетіледі

 «Түсірілім өте  табысты  өтті», - дейді бағдарлама редакторы Алекс Рентон.

Ол Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа фильмді түсіру барысындағы ең әсерлі эпизодтар Оңтүстік Қазақстан облысында, оның ішінде шырайлы Шымкент қаласында түсірілгенін айтып, осы түсірілімге  қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

"Top Gear" ең танымал британдық телебағдарламалардың бірі болып табылады.  Бұл бағдарлама 1977 жылдан бастап шығарыла бастаған. 350 миллионнан астам ресми аудиториясы бар. Эфирдегі көрсетілім  ұзақтығы - шамамен 60 минут. Құрылғаннан бері "Эмми" және тағы басқа телевизиялық марапаттардың иегері атанған.  

Әлия Бостан