Бір команданың 3 футболшысы жабылып, бос қақпаға гол сала алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барселонаның әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалының матчында литвалық Гинтра Университетас клубының футболшылары алаңсыз гол салатын мүмкіндікті қолдан жіберіп алды, деп жазады nv.ua сайты.
Барселона командасы 0:3 есебімен жеңіп келе жатқан болатын. Алайда литвалық клуб өкілдерінің ең құрығанда бір гол салатын айқын мүмкіндіктері бар еді. Ал литвалық клубтың үш спортшысы бір-біріне кедергі жасап, ашық тұрған қақпаға гол сала алмады.
Нәтижесінде Барселона командасы 6:0 есебімен емін-еркін жеңіске жетті.