Бір күнде 13 адам пневмониядан көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір тәуліктің ішінде Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 150 жағдайы және 13 өлім жағдайы тіркелді деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
7.10.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 150 жағдайы және 13 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 248 адам емделіп шықты.
13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 77056, 4900 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 64824 жетті.