Бір күнде 149 адам пневмонияға шалдықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір тәуліктің ішінде Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 149 жағдайы және 10 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Бір күнде 149 адам пневмонияға  шалдықты

8.10.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 149 жағдайы және 10 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 272 адам емделіп шықты.

13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 77205, 4910 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 65096 жетті.