Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 19 қаңтар күні Қазақстан аумағында 6 адам - коронавирустан, тағы бір сырқат - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам.

Сондай-ақ, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе облыстарында - бір адамнан көз жұмды.

Жамбыл облысында бір науқас пневмониядан қайтыс болды.

Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.


Соңғы жаңалықтар
telegram