Бір күнде тағы 51 адам коронавирусқа шалдықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте тағы 51 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бір күнде тағы 51 адам коронавирусқа шалдықты

20 қазандағы мәлімет бойынша, 971 адам коронавирус инфекциясынан (–827+ және 144 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 107 пациент стационарда, ал 864 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

4 адамның жағдайы ауыр,

5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқасқа ӨЖЖ аппараты қосылған.

Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 10 840 776, II компонентімен 10 601 392 адам егілді. Ревакцинацияланды – 5 587 083 адам.