13:30, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Бір күнде үш бірдей қасақана өртеу оқиғасы орын алды
ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылында бір күнде үш бірдей қасақана от қою оқиғасы орын алды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен Дәмет Жұмағұлованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, соның салдарынан үш тұрғынның 51 тонна шөбі өртеніп кеткен. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Биыл жыл басынан бері күні бүгінге дейін 734 өрт тіркелген, бұл өткен жылғыдан ( 836 ) 12,2 пайызға аз.