Бір күннің ішінде Н.Назарбаевтың атына 6 мың сауал келіп түсті

sp;АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желі арқылы халықпен тілдесуіне орай елордада жұмыс істеп жатқан Байланыс орталығына осы уақытқа дейін 25 мың сауал келіп түсті,

Бір күннің ішінде Н.Назарбаевтың атына 6 мың сауал келіп түсті

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, қарашаның  9-ы күні халықтың жоғары белсенділігі байқалды. Осының нәтижесінде Елбасының атына бір күннің ішінде 6 мыңға жуық сауал келіп түсті. Кеше бұл көрсеткіш 19 мың болған. Бүгінгі таңда Астана және Алматы қалаларынан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарынан сұрақтар көптеп түсуде.

Естеріңізге сала кетейік,  2009 жылы  қарашаның 13-і күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан», «Хабар», «Астана қалалық теледидары» телеарналары және «Қазақ радиосы», «Астана радиосы» бойынша өтетін тікелей эфирде азаматтардың телеэфир, телефон, интернет және СМС хабарламалары арқылы түскен сұрақтарына жауап беретін болады. Сұрақтарды республика бойынша +7 (7172) 555-777 телефоны мен  KCell, Beeline, Neo, Altel ұялы байланысын пайдаланушылар үшін СМС хабарламалары арқылы 1111 нөміріне жіберуге болады. Сондай-ақ  
www.line.gov.kz сайтының тиісті тармағын пайдалана отырып, бейнесұрақты жолдауға болады. Ал жазбаша сауалды vopros@akorda.kz электрондық мекенжайына жіберуге мүмкіндік бар.

   «Қазақтелеком» ұсынған байланыс тегін болса, ұялы телефондарға арнайы төлемдер қарастырылған. «Тікелей желі» кезінде Елбасының назарына ілікпей қалған сауалдарға тиісті мемлекеттік органдар бір айдың көлемінде жауап әзірлеп, сайтқа орналастыратын болады. Ал Интернеті жоқ ауылды жерлер үшін әкімдіктер жанынан қоғамдық қабылдау бөлімдері ашылған.