Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 109 970 теңгені құрады - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 109 970 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы маусымға 104,8 пайызды, ал нақты жалақы индексі 99,0 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 109 970 теңгені құрады - ҚР Статистика агенттігі
Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 199,4 мың теңге, кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 197,7 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,8 есеге асады) және қаржы және сақтандыру қызметінде - 185,7 мың теңге көлемінде (1,7 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 61,5 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 44,1 пайызға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында тіркелді- 186,8 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 77,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,9 пайызға төмен.