Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 125 936 теңгеге дейін өскен - Статистика комитеті

«Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы шілдеге 111,7%, ал нақты жалақы индексі 104,4% болды.
Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 253,9 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 245,2 мың теңге (1,9 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 215,6 мың теңге (1,7 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 63,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,5%-ға төмен», - делінген хабарламада.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 242,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында 82,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 34,3%-ға төмен.