Бір мая пішенге жай түсіп, 30 тоннасы жанып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гродно қаласы маңында бір мая пішенге жай түсіп, өртеніп кетті, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі ТЖМ облыстық басқармасына сілтеме жасап.
Мильковщина елді мекеніне таяу жерде үйілген сабанның жанып жатқаны жайлы осы оқиғаны көзімен көрген адам хабарлаған.
Өртті сөндіруге ТЖМ және "Скидельский" агрокомбинатының жұмысшылары жұмылдырылған. Сондай-ақ жалынның өзге жерлерге таралып кетпеуі үшін тракторлар мен автоцистерналар пайдаланылған.
«Елді мекенге қауіп төнген жоқ. Екі сағаттың ішінде тілсіз жау ауыздықталды», - деп атап өтті ТЖМ облыстық басқармасынан.
50 тонна сабан өрттен аман қалды, ал 30 тоннаға жуығы жанып кетті.