Бір мая шөптен екі күн бойы ине іздеген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Итальяндық суретші Всен Сашалбер Париждің Жан де Лоси галереясында ерекше әрекетімен жұртшылықты таң қалдырды, атап айтқанда, ол бір мая шөптің арасынан ине іздеп тапқан, деп хабарлады SBC.
Бейсенбі күні іздеуді басталған инені ол 48 сағаттан кейін, яғни екі күннен соң тапқан. Ол үшін галерея ғимаратына арнайы бір мая шөп әкелінген. Оған сурет алаңы директорының өзі кәдімгі инені жасырған. Суретші әр нәрсені сөзбе-сөз түсінудегі өзіндік жаттығуы екенін айтты: осындай ерекше тәсіл арқылы Всен Сашалбер іш пыстыратын метафораны (әйгілі "шөптен ине іздегенмен бірдей" тіркесін) өнерге айналдыруды шешкен. «Мен қарапайым сөз тіркесін алып, оны өмірге айналдырамын. Менің бұл өнерім қарапайым заттарға қатысты», - дейді ол. Бұл «ізденушілігін» ол салмақты түрде қабылдап, басқалардан жұмысына кедергі келтірмеуді сұраған. Осы «жетістігі» үшін оған тек өзі тұратын Нью-Йорктен ұшып келу жолақысы төленді. Айта кетейік, таң қалдыратын әрекеттерге баруды ұнататын өнер иесі бірде улы саңырауқұлақты жесе, бірде 24 сағат бойы жануармен бір бөлмеде отырған, сондай-ақ жалаң қолымен алып ағашты жұлып алған.