«Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» спорттық бұқаралық акциясы барысында Президенттік тестке қатысушылар марапатталды

Атап айтқанда, бұл шара барысында Президенттік спорттық тестке қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. ҚР Тұңғыш Президенті күні аясында Астанада Президенттік тест биылғы 19 қазан мен 16 қараша аралығында жүзу, секіру, жүгіру, доп ойындары бойынша қала мектептерінің 5 ,9, 11 сыныптарының 17 мың оқушысы қатысты.
Осы орайда бүгінгі Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» спорттық бұқаралық акциясы кезінде аталған тест бойынша барлық нормаларды орындаған елорда мектептерінің 7 оқушысы марапатталды. Бұл оқушыларға тиісті наградаларын Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев табыс етті.
Осы бұқаралық спортты кеңінен несихаттауға арналған шара барысында Қазақстанның эстрада жұлдыздары өздерінің концертін ұсынды.
Айта кетейік, Президенттік тест 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.