Бір отбасы ескі картинаны 2,4 млн. еуроға сатып, байып шыға келді

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Бұған дейін белгісіз болып келген итальяндық қылқалам шеберінің туындысы 2,4 млн. еуроға сатылды,

Бір отбасы ескі картинаны  2,4 млн. еуроға сатып, байып шыға келді

 деп хабарлайды "Корреспондент" .

Бір қызығы, аталған картинаның иесі оның шынайы құнын білмеген. Олар көлемі 25-те 35 сантиметрдік туындыны   Sotheby's мамандарына көрсеткеннен кейін ғана біліп, таңданыстарын жасыра алмаған.

Айта кетейік, танымал венециялық суретші Каналетто аталған туындысын XVIII ғасырдың ортасында салған. Онда базар алаңы бейнеленген.